Статистикаға кіріспе + R

Автор

Дархан Медеуов

Дата публикации

1 ноября 2025 г.

Алғысөз

Бұл онлайн-оқулық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің 2025 -2027 жж. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында дайындалды: «Есептік әлеуметтік ғылымдар: әдіснама мен дәлелдерге негізделген саясаттың жаңа көкжиектері» (ЖТН BR28713139).

«Деректер аналитикасына кіріспе: әлеуметтік ғылымдар мен қолданбалы зерттеулерге арналған статистика» - Computational social science модулі бойынша өздігінен оқуға арналған, R бағдарламалау тілінде практикалық жұмыстар орындау мүмкіндігі бар тегін ашық онлайн-оқулық.